Нұр-Сұлтанда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

10 Маусым 2022, 11:32
1497
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлердің өндірушілері қатысады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкелерде көкөністердің негізгі түрлері, сол сияқты ет және сүт өнімдері, азық-түлік, балық, бал ұсынылады, олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базар бағасынан арзан сатылатын болады.

Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылды.

Жәрмеңке маусымы барысында фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің аймақтық жәрмеңкелері өтеді.

Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта өтеді және сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Astana» ӘКК» АҚ жәрмеңкелерге қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы