Ақтауда кәріз құдығынан шала туған нәрестенің денесі табылды

10 Маусым 2022, 01:17
1547
Бөлісу:
Ақтауда кәріз құдығынан шала туған нәрестенің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шала туылған нәрестенің денесі 32-ші ықшам ауданындағы кәріз құдығынан табылған.

9 маусымда сағат 11: 51-де 102 шұғыл байланыс желісіне 32-ші ықшам ауданда кәріз құдығынан жетілмеген шақалақтың денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды "Лада " басылымы.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары қолға алынды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (тұлғаның өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Өзгелердің жаңалығы