АХҚО Astana Finance Days конференциясына тіркелуге шақырады

10 Маусым 2022, 12:10
1291
Бөлісу:
АХҚО Astana Finance Days конференциясына тіркелуге шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Finance Days жыл сайынғы конференциясына тіркелу ашылды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы 2022 жылдың маусым айының 27-29 аралығында өтетін Astana Finance Days конференциясына тіркелу ашық деп жариялайды. Бесінші рет өтетін бұл іс-шараның алға қойылып отырған тақырыбы «Тұрақтылық, әлеуметтік жауапкершілік, өсу» мәселелерін қамтиды. Биыл конференция гибридті форматта - онлайн және офлайн өтпек. Демек, конференцияның офлайн-сессиялары «Астана» халықаралық қаржы орталығы заманауи кеңсе ғимараттарында орын тауып, онлайн сессиялар желіде жүргізілетін болады.

Astana Finance Days - тиімді қаржылық әрі экономикалық шешімдерді талқылауға арналған кәсіби пікірталас алаңы бола тұра, әлемнің алдыңғы қатарлы қаржы мамандарын, саясаткерлерді және бизнес-менеджерлерді біріктіреді. 

Спикерлер арасында Nasdaq қаржы биржасының президенті және бас директоры Адена Т.Фридман, Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Visa аймақтық менеджері мен вице-президенті Кристина Дорош, Coursera-ның Азиядағы басшысы Эклавя Бхаве, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкауска және Орталық Азия бойынша ЕҚДБ басқарушы директоры Жужанна Харгитай сияқты танымал сарапшылар болады. 

Мамандар пандемияның әсері мен әлем қазірде тап болып отырған сынақтарды конференция аясында қарастырып, аталмыш мәселелердің шешу жолдарын аймақ үшін жағымды нәтижелер тұрғысынан талқыламақ.

Төрт жылда конференцияға 100-ден астам елден 15,000-ға жуық қатысушы белсенді ат салысып келеді.

Өңірдегі ең ірі іскерлік гибридті іс-шаралардың біріне тіркеліп, ол туралы достарыңызға айтыңыз. 

Толық ақпаратты 

Astana Finance Days 2022 сайтынан  біле аласыз.

Өзгелердің жаңалығы