Төтенше жағдайлар министрлігі қатарына 148 жас офицер қосылды

10 Маусым 2022, 18:30
2346
Бөлісу:
Төтенше  жағдайлар  министрлігі  қатарына 148 жас офицер  қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы  10 маусымда Көкшетау қаласында Тәуелсіздік алаңында  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарына 148 жас офицер қосылды, оның ішінде 6 лейтенант Қырғыз Республикасы үшін дайындалды.

Бұл туралы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының  баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше  жағдайлар  министрлігі  қатарына 148 жас офицер  қосылды

Шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, соның ішінде Владимир Божко, Мухамбет Копеев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да құрметті  қонақтар қатысты. 

Осы шара алдымен Төтенше жағдайлар министрінің академияның оқу-материалдық базасымен,  оқу-жаттығу полигонымен таныстырудан  басталды.

Төтенше  жағдайлар  министрлігі  қатарына 148 жас офицер  қосылды

Салтанатты жиынды ашық деп жариялаған Академия бастығы, полковник Сырым Шәріпханов өзінің алғы сөзінде былғы бітіру кеші оқу орнының 25 жылдығымен, сондай-ақ Қазақстанның Қарулы Күштерінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келетіндігін атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жас лейтенанттарды Академияны сәтті аяқтауларымен, бірінші офицерлік шеннің берілуімен құттықтап, табандылық пен  батылдық танытып, Отан қорғаушы азаматқа лайықты болуға тілек білдірді. 

Әрі қарай диплом тапсыру рәсімі өтті. Биыл алғаш рет ішкі қызмет полковнигі Н.А.Ақпаровтың 100 000 теңге көлемінде атаулы шәкіртақысы тағайындалды. Мұндай мүмкіндік азаматтық қорғау лейтенанты Жандос Қайырдосовқа бұйырды. 

 

Төтенше  жағдайлар  министрлігі  қатарына 148 жас офицер  қосылды

Салтанатты кештегі дәстүрлі шараның бірі – оқу орнының Жауынгерлік Туымен қоштасу.  Бұл міндет 2022 жылғы түлектер атынан 4 жыл бойына курс старшинасының көмекшісі қызметін лайықты атқарған, Академия өміріне белсене араласқан, қатарластарына үлгі бола білген  азаматтық қорғау лейтенанты Исмағзанов Ерлікке  тапсырылды. 

Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер офицерлік вальс билеп, соңғы рет жеке құраммен бірге  салтанатты маршпен жүріп өтті.

Барлық түлектер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне қызметке орналастырылды. Сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес Академия жетінші жыл қатарынан Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі үшін  мамандарды дайындауда.

Төтенше  жағдайлар  министрлігі  қатарына 148 жас офицер  қосылды

25 жыл ішінде оқу орны бүгінге дейін 5 000-нан астам маман даярлап шығарды. Азаматтық қорғ,ау органдарының 5099 қызметкері кәсіби біліктілігін арттырып, 974 адам қайта даярлау курсынан өтті.

 Бұдан бөлек, Академия өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларды қорғау және азаматтық қорғау  салаларында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын болашақ ғалымдарды, сондай-ақ бірқатар  спорт түрлері бойынша лайықты спортшыларды тәрбиелейді.

Өзгелердің жаңалығы