Президент «АрселорМиттал Теміртауда» қаза болған жұмысшылардың жақындарына көңіл айтты

10 Маусым 2022, 20:23
1232
Бөлісу:
Президент «АрселорМиттал Теміртауда» қаза болған жұмысшылардың жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» цехында апат болып, 4 адам қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы