АҚШ-та атыстан тағы 3 адам қаза тапты

10 Маусым 2022, 11:44
1090
Бөлісу:
АҚШ-та атыстан тағы 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Мэриленд штатында атыс болып, 3 адам көз жұмды. Тағы 1 кісі жарақат алды, деп жазды Хабар24.

Оқиға Смитсбург қаласындағы бетон шығаратын зауытта болған. Полицейлер күдіктіні қолға түсірген. Әзірге оның аты-жөні жарияланбай отыр. Және оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. 

Соңғы уақыттарда Құрама Штаттарда осындай қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Билік қару ұстауға бақылауды күшейтпек. Кеше Конгрестің Өкілдер палатасы осындай заң жобасын қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы