Жезқазғанда тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ – Санитариялық бақылау комитеті

10 Маусым 2022, 12:00
1178
Бөлісу:
Жезқазғанда тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ – Санитариялық бақылау комитеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті,  Қарағанды облысында әлеуметтік желілерде және WhatsApp арқылы тырысқақпен сырқаттанушылық тіркеліп, қаланың су айдындарына тырысқақ вибрионы бөліну туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

Ауруханаға келген ескерту құжаттарына сілтеме фэйк болып табылады. Бұл ақпарат жалған. Жезқазған қаласы бойынша тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ. "Тырысқақ таяқшалары" тырысқақ вибрионының болуы тұрақты бақылауда, мамыр айынан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеу үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынама алынып, зерттеледі. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ. Жалған ақпарат таратқан тұлғалар белгіленген  заңды тәртіпте жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеміз, - делінген хабарламада.

Ішек этиологиясы инфекцияларының алдын  алудың негізгі шаралары - тамақтану және тамақ дайындау алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу.

Көкөністерді, жемістерді ағынды сумен жуғаннан кейін қайнаған сумен шаю керек. Кездейсоқ адамдардан азық-түлік сатып алмаған жөн және де тек рұқсат етілген жерлерде шомылу маңызды. Қарапайым алдын алу шараларын сақтай отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтайсыз!, - деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы