Асқар Үмбетәлиев Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

10 Маусым 2022, 11:47
1465
Бөлісу:
Асқар Үмбетәлиев  Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.

Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті;  Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды.

2021 жылғы ақпан айынан бастап  Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы