Төрт аяқты көмекшілер де тәртіпті сақтайды

10 Маусым 2022, 17:30
1261
Бөлісу:
Төрт аяқты көмекшілер де тәртіпті сақтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ит – бұл адамның досы ғана емес, сонымен қатар адал көмекші, кейде тіпті қылмыскерді іздей алатын, жасырылған есірткіні иіскеп тауып, қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен адамды таба алатын әріптес те бола алады.

 Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Кинологиялық қызмет орталығында 50-ден астам ит күн сайын қызмет етеді. Елордалық полиция қызметкерлерімен бірге олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға жауап береді. Мұның бәрі олардың тәлімгерлері – кинологтердің шеберлігі, жанқиярлығы мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін. 

Қызметтік иттердің әрқайсысы өз бағытында жұмыс істейді – жарылғыш немесе есірткі заттарын іздейтіндер бір бөлек, қылмыскерді іздейтін із иттері, сондай-ақ құқық бұзушыларды ұстайтын иттер де бар. Иттер, тұқымына қарамастан, қызмет көрсетуге екі айдан бастап дайындалады. Бірінші күннен бастап кинологтер иттерді адамдармен байланысуға және шылбырға үйретеді. Жаттығуды бастамас бұрын, иттер мұқият іріктеледі. Жалпы, әр иттің өзіндік мінезі болады. Сол мінезіне байланысты иттердің қандай қызмет атқаратыны анықаталды.

Кинологиялық қызметтің орталығында иттердің көпшілігі неміс және бельгиялық овчаркалар, ротвейлер, лабрадорлар. Сондай-ақ, орталықта Акбар, Арабика және Тайсон атты  3 төбет ит бар. 

Төбеттер өте жақсы үйретіледі, оларда түйсік, көру, есту қабілеттері жақсы дамыған. Олар өте төзімді, берілген тапсырманы мұқият орындайды", - дейді Максим Зубов.

Тайсон төбеті уақытша ұстау изоляторын күзетеді. Акбар есірткі іздеуге қатысады, ал Арабика одорологиялық сәйкестендіруге дағдыланған, адамдарды иісі бойынша іздейді.     

Төбеттер – иттердің ерекше тұқымы, денелері ірі болғанымен, өте ақкөңіл болады. Сонымен қатар қызмет еткен жылдар ішінде төбеттер өздерін жақсы жағынан көрсетті. 

Өзгелердің жаңалығы