Мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

10 Маусым 2022, 10:32
1189
Бөлісу:
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы