Мемлекеттік тізілімге кіретін нысандар энергия үнемдеуі тиіс – Ерболат Бүксүкбаев

10 Маусым 2022, 15:24
1351
Бөлісу:
Мемлекеттік тізілімге кіретін нысандар энергия үнемдеуі тиіс – Ерболат Бүксүкбаев
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» ЖІТ менеджері Ерболат Бүксүкбаев мәлімдеді. 

Аталған жоба 2017 жылы басталды. Дүниежүзілік банк жоба 21 млн 763 мың доллар қаражат бөлді. Бұл қаражатқа еліміздің аумағында 96 нысан қатысты. Жобаға қатысуға 600-ден астам нысаннан өтініш келіп түсті. Жобаның қол жеткізген жетістіктерін атап өткім келеді. Республика бойынша орташа 35-36% энергия үнемделді. 9 нысанға баламалы энергия көзін орнатып, соның ішінде, ауылдық елдімекендегі халыққа көрсетіп, қандай шаралар қолдануға болатынын көрсетуге тырыстық. Елімізде іске асырылған жоба - Дүниежүзілік банктің үздік жобаларының бірі, - деп атап өтті Ерболат Бүксүкбаев «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының ресми аяқталуына арналған конференциядан берген сұхбатында. 

Айтуынша, елде энергия үнемдеу бағдарламасымен қамтылуы тиіс нысандар жетерлік.

Қазақстанда мемлекеттік тізілімде 13 мың нысан бар десек, соның жүзге жуығы ғана бұл жобаны қолданды. Алдағы уақытта да бағдарламаның мемлекет үшін тиімділі өте зор. Ал жобаға өту үшін әлеуметтік нысандарға қойылатын талаптарға тоқталсақ. Ең алдымен, мекеме 1 шаршы метрге 250 кВ/сағаттан жоғары энергия тұтынатын мемлекеттік нысандар қатыса алады. Жобаны осы жерден тоқтатпай, қолға алып, жалғастырамыз деген үміт бар, - деді жоба менеджері. 

Өзгелердің жаңалығы