Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

10 Маусым 2022, 09:39
1354
Бөлісу:
Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті
PHOTO
Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы аясында J.P. Morgan инвестициялық банкі мен TotalEnergies SE француз мұнай-газ компаниясы өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

TotalEnergies SE аға вице-президенті Жулиен Пужемен әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы қызметі, жел энергетикасындағы жобаларды іске асыру және экономиканы декарбонизациялау мәселелері талқыланды. 

Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

TotalEnergies SE – еліміздегі ең ірі инвесторлардың бірі, Қашаған және Доңға жобаларына белсенді түрде қатысып келеді. Бұдан бөлек, компания Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн энергетикасы саласында екі жобаны іске асырды. 

Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

Сіздердің Қазақстанға деген қызығушылықтарыңызды қолдаймыз және мұнай-газ саласындағы инвестициялық жоспарларды іске асыруға көмек көрсетуге дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов. 

J.P. Morgan компаниясының Ресей және ТМД елдеріндегі президенті Ян Тавровскиймен жаһандық макроэкономикалық ахуал, халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл, Қазақстанның әлемдік капитал нарығына шығу жөніндегі жоспарлары талқыланды. 

Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

Үкімет басшысы J.P. Morgan компаниясының Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын және осы уақыт ішінде клиенттердің ең күрделі мәселелерін шешуге қабілетті сенімді және тұрақты серіктес ретінде танылғанын атап өтті. 

Біз үшін декарбонизациялау аясында ағымдағы жоспарларды іске асыру өте маңызды. J.P. Morgan құзіреттілігін ESG стандарттарын әзірлеу және оларды жобаларымызда дұрыс қолдану үшін пайдаланғымыз келеді, — деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы