Таиланд марихуананы заңдастырып жатыр

10 Маусым 2022, 02:21
1243
Бөлісу:
Таиланд марихуананы заңдастырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд марихуананы қылмыс деп танымайтын Азиядағы алғашқы ел атанбақшы, бірақ бұл заңның туристерге қатысы жоқ, деп хабарлайды  Breitbart News басылымы.

Үкімет каннабисті медициналық тұрғыдан қолдануға рұқсат етілетінін мәлім етті.

Марихуананы қоғамдық орында тартқан адамдар 3 айға қамауға алынады және 25 мың тай баты ($780) көлемінде айыппұл төлейді.

Есірткі затындағы тетрагидроканнабинол 0,2%-дан аспауы тиіс.

Бұл концентрация өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын талшықтарды алу үшін өсірілетін кендір сортында кездеседі.

Таиланд медициналық марихуана нарығында және медициналық туризм индустриясын дамытуда жеткістікке жетпекші.

Елдің тропикалық климаты каннабис өсіруге қолайлы. Мемлекет осы арқылы ұлттық табысын арттырып, шағын шаруалардың кәсібін дамытпақшы.

Өзгелердің жаңалығы