Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды

10 Маусым 2022, 20:45
1471
Бөлісу:
Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғандағы Неке сарайы ғимаратында орналасады. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл уақытша. Салтанат сарайы ғимараты жұмыс күндері бос болған соң таңдалды, салтанатты іс-шаралар өткізілмейді, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Ербота.

Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды

 АХАЖ ғимаратының жалпы ауданы - 3531 шаршы метр. Мұнда Талдықорған және облыстың жақын аудандарының жас жұбайлары тіркелген.

Алдағы уақытта некені тіркеу жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында жүргізілетіні белгілі болды. Салтанатты неке қию рәсімі Бикен Римова атындағы театрда өтеді.

Айта кетейік, Талдықорғандағы Неке сарайы 2017 жылы салынған еді. Құрылысқа бір миллиардтан аса қаражат жұмсалған. Ғимаратта қалыңдық пен күйеу жігіттің бөлмелері, некені салтанатты тіркеу залы, қонақтарға арналған күту залы, 160 орындық мейрамхана, кең холл және мәжіліс залы бар.

Өзгелердің жаңалығы