Алматыда суға батып бара жатқан жасөспірімді полиция құтқарып қалды

10 Маусым 2022, 17:08
1344
Бөлісу:
Алматыда суға батып бара жатқан жасөспірімді полиция құтқарып қалды

Алматы, BAQ.KZ.  Жедел әрекет ету арнаулы жасағының (СОБР) жауынгері Есентай өзеніне суға батып бара жатқан 14 жастағы Романды құтқарып қалды. 

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға кеше Алмалы ауданында кешкі сағат сегіз жарым шамасында болған.

14 жасар Роман достарымен бірге Есентай өзенінің жағалауында болған.  Бала парапет арқылы арғы бетке өтпек болады, бірақ, өкінішке қарай, сүрініп, суға құлап кетті.  Бұл кезде осы аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жаяу жасақтың құрамында жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев кезекшілік атқарып жүрген.  Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды.  Абырой болғанда, қазір балада барлығы жақсы.  Ол ата-анасына тапсырылды, - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Құтқарылған баланың анасы полицияға алғысын білдірді.

Көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз.  Олар дәл уақытында сол жерде болды.  Сол сәтте ұлымның жанынан табылды.  Балада бәрі жақсы, - деп, алғысын білдірді Романның анасы.

Өзгелердің жаңалығы