Алматыда веложарыс өтеді

10 Маусым 2022, 21:30
1272
Бөлісу:
Алматыда веложарыс өтеді

Алматы, BAQ.KZ.  2022 жылдың 12 маусымында Ұлттық ғылым академиясының жанында велоспорттан «Astana Motors Criterium» жарысы өтеді.

Қала әкімдігнің мәліметінше, қатысушылардың  саны – 100 адам (онлайн тіркелген). Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі. Оған қоса UCI ережелеріне сәйкес жолда  велосипед  тебе алатындар жіберіледі, олардың  велосипед формасы мен велошлемдері болуы тиіс.

Веложарыстың өтуіне байланысты сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Құрманғазы – Пушкин, Пушкин – Шевченко, Шевченко – Қонаев көшелерінің қиылысында жол қозғалысы жабылады. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала  белгілеп  алуды  сұраймыз,- делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы