Қарағандыда IQala қалалық қызмет көрсету орталығы ашылады

10 Маусым 2022, 20:16
1158
Бөлісу:
Қарағандыда IQala қалалық қызмет көрсету орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда коммуналдық қызметтердің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылын реттеу үшін IQala Қалалық қызметтер орталығын ашу жоспарлануда. 

Оның міндеті қызмет көрсету процесін автоматтандыру, қағазбастылықты, қызмет көрсетушілермен байланысты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып табылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Константин Ильницкий баяндады.

Орталықты құрудың басты мақсаты – қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету. Тұрғындар онлайн-форматта IQala-ға хабарласып, мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге бармаса да болады.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтерді ұсыну, техникалық шарттарды беру және т. б. үшін монополистермен келісім-шарттар жасасу процесі тікелей қатысуды талап етеді және бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Қарағандыда монополистердің кеңселері қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бұл да қызметтерді алу процесін қиындатады, өйткені әдетте әртүрлі ғимараттар арасында бірнеше рет қатынауға тура келеді, – дейді Константин Ильницкий. 

Бірыңғай орталық құру қызмет көрсетушілерге фронт-кеңселерді ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқартуға көмектеседі. IQala аптасына жеті күн тәулік бойы жұмыс істейді. Тұрғындар өтінімдерді өздеріне ыңғайлы уақытта бере алады.

Өзгелердің жаңалығы