Моңғолияның тұңғыш олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

10 Маусым 2022, 00:10
2865
Бөлісу:
Моңғолияның тұңғыш олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы Найдан Түвшинбаяр  16жылға  сотталды.

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Анық Көкенайұлы өзінің парақшасында бөлісті.

Олимпиаданың қос медальін(Бейжің алтын, Лондон күміс) алған моңғолияның даңқты judo-шысы әлемдік judo додасының майталманы болған

Ол жазасын жеңіл және ашық түрмеде өтейтін болады.

Найдан Түвшинбаяр judo-дан халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Э.Энхбатты 2021жылы сәуір айында ішімдікке тойып алып ұрып-соғып, өлімші  етіп сабаған. 8 ай есін жимаған Энхбат 2021жылы 25 желтоқсанында қайтыс болған.     

Түвшинбаярдың жетістіктері:
Олимпиада Бейжің 2008
Олимпиада Лондон 2012
Әлем чемпионаты Будапешт 2017 
Азия ойындары Инчхон 2014
Азия чемпионаты Ташкент 2016 
Азия чемпионаты Кувейт 2007 
Азия чемпионаты Чеджу 2008
Азия чемпионаты Абу Даби 
Моңғолияның еңбек ері,  батыр

Өзгелердің жаңалығы