Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді

10 Маусым 2022, 23:00
1985
Бөлісу:
Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді. «ADAL Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдасырған бокс кеші 11маусым күні бес жұлдызды қонақ үй аумағында ашық аспан астында өтеді. Бұл күні шаршы алаңға 8 боксшы шығады.

Кештің басты бәсекесі әлемдік рейтингте 12 орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов пен үздік 30-дыққа еніп тұрған аргентиналық Себастьян Папесчи арасында өтеді. 10 раундтық айқаста «WBO International» чемпиондық белбеу сарапқа салынады. 72,5 келіде өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов осы уақытқа дейін 16 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Ал қарсыласы 18 кездесуінің 15-ін пайдасына аяқтаған. 

Қарсыласты зертедік. Соған орай бапкерлермен тактикамызды қойдық. «ADAL Promotions» осындай қарсыласты таңдап отыр демек бәрі дұрыс деген ойдамын. Өйткені маған осал қарсыламас ұсынбайтыны анық. Бірнеше титулдық кездесулер өткізген тәжірибелі спортшы. Орта салмақта Оңтүстік Америка мен Аргентина чемпионы атанған. Сондықтан оңай қарсылас болмасы анық- дейді «WBO International» чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов.  

Бұл күні Бұл Бекман Сойлыбаев пен Бекзад Нұрдәулетов те кездекті кездесулерін өткізеді. Рейтингтік кездесулерде Бекман Сойлыбаев Мексикалық Томас Рохаспен, ал Бекзад Нұрдәулетов Рудный қаласының боксшысы Михаил Коханчик шығады. Осы уақытқа дейін Бекзаттың қарсыласы аргентиналық Дурвал Элиас боксшы болады делінген. Бірақ аргентиналық жарақатына байланысты Ақтауға келе алмады.  

Дайындық та, тактика да бәрі аргентиналыққа қарсы жасалған. Бір күн ішінде қарсылас өзгерді. Біз Михаилмен ұлттық құрамада бірге болдық. Құрдаспыз жасөспірімдер, жастар сапында ересектер арасында да бірге жүрдік. Бір -біріміздің қыр-сырымызды жақсы білеміз.  Өте тартысты жекпе-жек болады деген сенімдемін- дейді боксшы Бекзад Нұрдәулетов.

Сондай-ақ бокс кешінде андеркардта Самат Жетібаев, Жолдас Жеңісов, Нұрбек Орысбай және кештің дебютанты Берік Жедибаев өнер көрсетеді. 

Өзгелердің жаңалығы