Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

10 Маусым 2022, 22:00
1679
Бөлісу:
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды.

Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге келіп тұр

Биыл елорда күні – 6 шілде, сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған. Осылайша 5 күн жұмыс істейтіндер де, 6 күн жұмыс істейтіндер де бір күн – тек 6 шілдеде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге келіп тұр. Ол онсыз да демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, қосымша демалыс қарастырылмаған.

Сонымен, шілдедегі демалас күндері:

- 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні;

- 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.

Өзгелердің жаңалығы