Қазақстандағы конституциялық референдумның қорытындысы бойынша Лондонда брифинг өтті

10 Маусым 2022, 08:31
1012
Бөлісу:
Қазақстандағы конституциялық референдумның қорытындысы бойынша Лондонда брифинг өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мәселесі жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары бойынша британиялық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға ұсынған түзетулер пакетін қарау кезеңдері туралы – түзетулерді әзірлеу бойынша ғалым-құқықтанушылардың арнайы жұмыс тобын құрудан бастап, 5 маусымдағы референдумда жалпыхалықтық дауыс беруге дейін толық ақпарат берді.

Ол сондай-ақ журналистер мен сарапшылардың назарына биылғы 7 маусымда ҚР Орталық референдум комиссиясы жариялаған дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны және дауыс беру нәтижелері туралы ресми деректерді ұсынды. Дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы санының 68,05% пайызы референдумға қатысқандықтан референдум ресми түрде өтті деп танылды. Сонымен қатар дауыс бергендердің 77,18 пайызы ҚР Конституциясының 33 бабына, немесе үштен біріне, ұсынылған түзетулерді жақтады.

Референдум барысын бақылау үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросын (ЕҚЫҰ ДИАҚБ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД), Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымын (ИЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымын (ТМҰ) және басқаларды қоса алғанда, халықаралық ұйымдардан 209 байқаушы, сондай-ақ 25 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттелді.

Бұл референдум Жаңа Қазақстан үшін бастапқы кезең болып саналады. Еліміздің көптеген азаматтары мақұлдаған өзгерістер Қазақстанның саяси жүйесіндегі бәсекелестіктің күшеюіне және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуының кеңеюіне әкеледі. Бұл реформаларды жүзеге асыру еліміздің мемлекеттік моделін жан-жақты трансформациялауға, соның ішінде «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшуге ықпал ететін болады, – деп атап өтті Ерлан Ыдырысов.

Ол сондай-ақ референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік бергенін атап өтті.

Шетелдік журналистер мен сарапшылар бір бөлігі өткізілген референдум болған саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық шаралардың кең ауқымды бағдарламасы туралы хабардар етілді. Ерлан Ыдырысов бұл шаралардың барлығы Covid-19 пандемиясының салдары мен қаңтардағы қайғылы оқиғаларды қоса алғанда, ел басынан өткерген бірқатар күйзелістерге қарамастан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл шаралар елдің саяси жүйесін терең демократияландыруға және жаңғыртуға және, сайып келгенде, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы