Все новости за 19 маусым 2026
-
-
Жасанды интеллект мамандарына алғашқы «Болашақ» стипендиясы берілді
51 азамат әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды.
-
Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ. Ертең бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең ел астанасында күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
-
Президент тапсырмасы: Шымкентте жаңа экопарк ашылды
Жаңа Экопарк қалалық ортаны ауқымды жаңғыртудың және бұрын экологиялық тұрғыдан бүлінген аумақтарды қалпына келтірудің жарқын үлгісіне айналды. Құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталған жоба қысқа мерзімде жүзеге асырылып, бүгінде демалысқа, спортпен шұғылдануға және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістік ретінде пайдалануға беріліп отыр.
-
Алматы полициясы қызметтік көлікке тас лақтырған әйелді ұсталды
Полиция әйелдің психоэмоционалдық жағдайын тексеру үшін оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырды.
-
Түркі академиясы 32 әріптен тұратын жаңа қазақ алфавитін мақұлдады. Әліпби кестесі
Ол Түркі елдеріне ортақ әліпби негізінде әзірленген.
-
Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін уақытша жабылады
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады
-
Президент бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев телекоммуникация, жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне, сондай-ақ Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізуге қатысты үш заңға қол қойды.
-
Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында атыс: 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Жасөспірім алаңда атыс шығарды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалымен кездесті
Президент Польша Сенатының Маршалын қабылдады.
-
«Қосымша табыс табатын аналар жәрдемақыдан айырыла ма?»: Еңбек министрлігі жауап берді
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдері тоқтай ма?
-
Қазақстан мен Черногория: Сауда-экономикалық және логистикалық әріптестіктің жаңа кезеңі
Қазақстан мен Черногория Еуропаға жаңа сауда бағыттарын құруды талқылады.
-
Қазақстанда апорт бақтарының алаңы 2027 жылға қарай 110 гектарға дейін ұлғайтылады
Апорт сұрпын кең ауқымда қайта жаңғыртуға қазақстандық ғалымдардың көпжылдық іргелі зерттеулері негіз болды.
-
Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Компания қаза тапқан жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
-
+41°С: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады.
-
Дрондар шоуы, роботтар және қазыбургер: Balkhash Tour Fest-2026 несімен таңғалдыруда?
Қонақтарды таңғалдырар жаңалықтар және тосынсыйлар күтеді.
-
Алматыдағы дәмханалардың бірі өртенді
ТЖМ күштерімен өрт толық сөндірілді.
-
Теміржол және білім: Қазақстан мен Ауғанстан жаңа келісімдерге келді
Қазақстан Ауғанстанмен ынтымақтастық бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуде.
-
Алматылықтарға ескерту: Қаланың бас жоспары жұрт талқысына ұсынылды
Бұған дейін Алматының кейбір аумақтары сүрілуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.
-
Баянауылда қарақұрттың 24 жұмыртқасы жойылды
Торайғыр көлінің маңында қарақұрттарды жою жұмыстары жүргізілді.
-
Қарағанды облысында құтқарушылар екі адамды құдықтан аман алып шықты
ТЖМ қызметкерлері екі азаматқа жедел көмек көрсетті.
-
Алматыда LRT құрылысы басталды
Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.
-
Камерадағы қателік: Заңсыз салынған айыппұлдардың күші жойылып жатыр
Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша заңсыз салынған айыппұлдардың күші жойылды.
-
Қазақстан еуропалық бағдарламаны қаржыландыруды төрт есеге арттырды
Қаржы көлемі 338,6 мың еуродан 1,44 млн еуроға дейін өсті.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті Бірлескен мәлімдемеге қол қойды
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар аясында туризм, БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық палаталары арасында байланыс орнатуға бағытт
-
Астанада 8-қабаттан секірмекші болған әйел құтқарылды
Әйелді учаскелік полиция инспекторы құтқарды.
-
Алматы мен Дубай арасында тұрақты жүк рейстері ашылды
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты.
-
Алматыда өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуациялана бастады
Рейд барысында құтқару қызметтерінің өтуіне кедергі келтіретін жерлерге қойылған көліктер анықталды.
-
Астанада Черногорияның өкілдігі ашылуы мүмкін: Президенттер қандай келісімдерге келді?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
-
Емтихан тапсыра алмады: Қарағандыда бойжеткен автоХҚКО қоршауын соқты
Көлік тізгінінде 19 жастағы бойжеткен отырған.
-
Сотта өтірік айтқан қазақстандық бостандығынан айырылды
Ер адам сотта жалған жауап берген.
-
"Қатаң жаза мен өтемақы талап етеміз": Алматыдағы апат бойынша жаңа жәбірленушінің адвокаты
Адвокат Мейірман Шекеев олар не талап етіп отырғанын айтты.
-
Алматыда ер адам 11-қабаттың терезесінен секіріп кетті
Қайғылы оқиға Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
-
АҚШ–Иран меморандумы: Соғыс бітті ме, әлде уақытша үзіліс пе?
Иран шынымен жеңілді ме? Саясаттанушы не дейді?
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады
Қазақстан мен Черногория президенттері кездесті.
-
“Қоғам алдында жаман көрініп қалдық” – Жәбірленуші тарап күдікті Пакты неге кешіргенін тағы түсіндірді
Жәбірленуші тарап адвокат Мейірман Шекеевтен олардың отбасын әлеуметтік желіге салмауын сұрады.
-
Жанабыловтардың ұтыс ойынына тігілген автокөліктер Астанада сатылымға шығады
Бұған дейін блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ұтыс ойынына қатысты хикаяда бой көрсеткен дәл сол көліктер электронды саудаға шығарылды.
-
AMАNАТ-тан кейін депутаттар қайда барады: Депутаттар «Әділет» партиясына өтуді жоспарлап отыр
AMANAT партиясы «Әділет» партиясына қосылды.
-
Депутаттар жұмысын тоқтатады: 1 шілдеден бастап Қазақстанды не күтіп тұр?
1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, қазіргі Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттігі тоқтайды.
-
Талдықорғанда "синтетика" таратты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды
Күдіктілер Алматы қаласының 33 жастағы және Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны.
-
Әл-Фарабидегі жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі Пакты кешірмейтінін мәлімдеді
Алматыдағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Томиристің әкесі сотта сөз сөйлеп, күдікті Александр Пакты кешірмейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, қызы Томирис 2005 жылдың 26 желтоқсанында дүниеге келген. Әкесі қызын өсіріп, тәрбиелеп, білім алуына бар жағдайды жасағанын айтты.
Томиристі өсірдім, ая
-
Алматыдағы жол апаты: Қаза тапқан қыздың әкесі мәлімдеме жасады
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан қыздың әкесі күтпеген мәлімдеме жасап, соттан өзін жәбірленуші ретінде тануды сұрады.
Әкесінің мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, бұл талап Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71-баб
-
Тоқаев Астанада Черногория президентін қарсы алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Черногория Президенті Яков Милатовичті салтанатты түрде қарсы алды. Елордада жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келген Черного
-
Эбола өршіп барады: Конгода 900-ге жуық науқас тіркелді
Қаржы жетіспеушілігі індетпен күрес шараларын әлсіретіп, жағдайдың ушығуына әкеліп отыр.
-
ЖОО-ға қабылдау науқаны басталды: Талапкерлер нені білуі керек?
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады.
-
Disney-дің «Ойыншықтар хикаясы 5» атты жаңа мультфильмі қазақша сөйледі
Астанада Disney мен Pixar студияларының жаңа туындысы – «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмінің қазақ тіліндегі арнайы көрсетілімі өтті.
-
Қазақстан ЖИ орталығына айнала ма? Екібастұздағы 10 млрд долларлық жоба басталды
Екібастұздағы «Деректер орталықтарының алқабы» экономиканы өзгертеді.
-
Вьетнамға баратындардың назарына: Шекарадан өту ережесі өзгерді
Жаңа онлайн қызмет іске қосылды.
-
Қазақстанда жаңбырлатып суару машиналары өндіріле бастайды
Valmont Industries компаниясы Қазақстанда жаңбырлатып суару машиналары өндірісін жергіліктендіреді.
-
«Алматы – Өскемен» тасжолының бір бөлігі орташа жөндеуден өтуде
Қазіргі уақытта 12 шақырым аумақта асфальт төселіп, жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
-
Әлеуметтік желілерге бақылау күшейеді: БАӘ жаңа ережелер енгізді
Жаңа ережеге сәйкес, 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желілерде жеке аккаунт аша алмайды және пайдалана алмайды.
-
ӘЧ – 2026: Канада ірі есеппен жеңді, Швейцария көш бастады
Екі турдан кейін Канада мен Швейцарияның қоржынында төрт ұпайдан бар.
-
Филиппиндегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Апат салдарынан 357 мыңнан астам отбасы немесе шамамен 1,5 миллион адам зардап шеккен.
-
Еуроодақ Украина мәселесі бойынша ортақ ұстанымға келді
Сарапшылардың пікірінше, бұл жолы ортақ мәлімдеменің қабылдануына Венгрияның ұстанымындағы өзгерістер ықпал еткен.
-
10 млн теңгеге дейін төлем мен баспана: Қазақстанда дәрігерлерге ең көп қолдау қай өңірлерде көрсетіледі?
Статистика бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді.
-
«Бұл – капитуляция»: Трамп Иранмен жасалған келісімді бағалады
Оның айтуынша, АҚШ әлемдегі ең қуатты қарулы күштерге ие және Иранға қатысты теңіз блокадасын ұйымдастырып, кемелер қозғалысын шектеген.
-
Қазақстан мен Қытай кітапхана саласында ынтымақтастықты күшейтпек
Қазақстан тарапы елде кітапхана саласын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
-
ШҚО-да танысынан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші ірі көлемдегі қаражат пен мүлкінен айырылған.
-
ЕО Иранға қарсы санкцияларды алып тастауға әлі дайын емес – Каллас
Оның айтуынша, санкцияларды алып тастау үшін нақты шарттар орындалуы тиіс.
-
Денсаулық сақтау саласының жетістігі: Ана өлімі 6 есе, нәресте өлімі 87%-ға төмендеді
Ана мен бала саясаты мемлекеттің ұзақ мерзімді демографиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін стратегиялық тірекке айналып отыр.
-
Аптап ыстық жалғасады: Синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктер тұрғындарды күннің қатты ысуына байланысты сақ болуға, ал найзағай кезінде ашық жерлерден аулақ болуға шақырады.
-
Дания Еуропалық Одақтағы ең қымбат ел атанды
Зерттеуге сәйкес, Даниядағы баға деңгейі ЕО орташа көрсеткішінің 140%-ын құраған.
-
АҚШ Иранға қатысты теңіз блокадасын тоқтатты
Сонымен қатар CENTCOM өңірде американдық әскери кемелердің қала беретінін атап өтті.
Наверх