Алматыда өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуациялана бастады

Рейд барысында құтқару қызметтерінің өтуіне кедергі келтіретін жерлерге қойылған көліктер анықталды.

Бүгiн 2026, 15:12
АВТОР
 Фото: Алматы ТЖД Бүгiн 2026, 15:12
Бүгiн 2026, 15:12
126
Фото: Фото: Алматы ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты – өрт сөндіру және арнайы техниканың кедергісіз жүруін қамтамасыз ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейд барысында құтқару қызметтерінің өтуіне кедергі келтіретін жерлерге қойылған көліктер анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырды.

Фото: Алматы ТЖД

Талаптарды орындамаған көлік иелерінің автокөліктері арнайы айып тұрағына эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде әрбір минуттың маңызды екенін еске салды.

«Ереже бұза отырып қойылған көлік құтқарушылардың оқиға орнына уақытылы жетуіне кедергі келтіріп, ауыр салдарға себеп болуы мүмкін», – деп атап өтті ведомство.

Фото: Алматы ТЖД

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні Астанада болған қайғылы өрт тек бір отбасының трагедиясы ғана емес, елдегі өрт қауіпсіздігі жүйесінің әлсіз тұстарын көрсеткен болатын. Осы оқиғадан кейін Мәжіліс депутаттары мәселені көтеріп, кешенді өзгерістер қажеттігін мәлімдеген еді. 

Депутаттар өрт қауіпсіздігі жүйесінің әлсіз тұстарын, сондай-ақ жедел қызметтердің оқиға орнына дер кезінде жете алмау мәселесін ашық айтты.

Оқи отырыңыз:

Енді аулада көлікті кез келген жерге қоя алмайсыз: 1 шілдеден бастап не өзгереді? 

Наверх