Аптап ыстық жалғасады: Синоптиктер ескерту жасады

Синоптиктер тұрғындарды күннің қатты ысуына байланысты сақ болуға, ал найзағай кезінде ашық жерлерден аулақ болуға шақырады.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
179
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде бүгін, 19 маусымда дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағында найзағай, жаңбыр, бұршақ және 35-41°С дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында +38…+41°С дейін аптап ыстық пен найзағайлы жаңбыр болжанған. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Астана мен Алматыда да қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, ауа температурасы +35°С шамасында болады.

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы аймақтарында да жаңбыр мен найзағай тіркелуі ықтимал.

Синоптиктер тұрғындарды күннің қатты ысуына байланысты сақ болуға, ал найзағай кезінде ашық жерлерден аулақ болуға шақырады.

Наверх