Емтихан тапсыра алмады: Қарағандыда бойжеткен автоХҚКО қоршауын соқты

Көлік тізгінінде 19 жастағы бойжеткен отырған.

19 Маусым 2026, 14:40
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат 19 Маусым 2026, 14:40
19 Маусым 2026, 14:40
3502
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Оқиға жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру кезінде болған.

Маусымның 17-сі күні емтихан тапсырушылардың бірі сәтсіздікке ұшыраған. Көлік жүргізу емтиханын тапсыру әрекеті сәтсіз аяқталған. Рөлдегі жүргізуші көлікті басқара алмай, қоршауды соққан. Сол кезде мемлекеттік және коммуналдық мүлікке – қоршау мен автомобильге зақым келді.

Болған жағдайды полиция да растады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, практикалық емтихан тапсыру кезінде «Киа» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі абайсызда педальдарды шатастырып алып, қоршауға соғылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, бойжеткенге мемлекетке келтірілген шығынды да өтеуге тура келеді.

 

Наверх