ЕО Иранға қарсы санкцияларды алып тастауға әлі дайын емес – Каллас

Оның айтуынша, санкцияларды алып тастау үшін нақты шарттар орындалуы тиіс.

 AP Photo/ Virginia Mayo 19 Маусым 2026, 04:27
19 Маусым 2026, 04:27
1128
Фото: AP Photo/ Virginia Mayo

Еуропалық Одақ АҚШ-пен бітім жасалғанына қарамастан, Иранға қатысты санкцияларды жоюды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ЕО дипломатиялық қызметінің басшысы Кая Каллас мәлімдеді.

Оның айтуынша, санкцияларды алып тастау үшін нақты шарттар орындалуы тиіс. Атап айтқанда, ядролық бағдарламаға, адам құқықтарына және кеме қатынасы еркіндігіне қатысты талаптар қарастырылады.

Каллас егер бұл шарттар орындалса, мәселе ЕО елдері деңгейінде талқылануы мүмкін екенін, алайда қазіргі уақытта ондай жағдай жоқ екенін атап өтті.

Наверх