Еуроодақ Украина мәселесі бойынша ортақ ұстанымға келді

Сарапшылардың пікірінше, бұл жолы ортақ мәлімдеменің қабылдануына Венгрияның ұстанымындағы өзгерістер ықпал еткен.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
136
Фото: depositphotos.com

Брюссельде өткен Еуропалық Одақ саммитінде қатысушы елдер Украинаға қатысты ортақ қорытынды құжатты бірауыздан мақұлдады. Бұл – 2023 жылдан бергі алғашқы жағдай.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 18 тармақтан тұратын мәлімдемеде Украинаға қаржылық, әскери және саяси қолдауды жалғастыру, энергетикалық инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмек көрсету және қауіпсіздік кепілдіктерін қарастыру мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастыратынын мәлімдеп, Мәскеуді атысты тоқтатуға шақырды. Құжатта Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлерге қатысты шектеу шараларын күшейту жоспары да көрсетілген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жолы ортақ мәлімдеменің қабылдануына Венгрияның ұстанымындағы өзгерістер ықпал еткен. Бұған дейін Будапешт Украинаға қатысты бірқатар құжаттарды қолдаудан бас тартып келген еді.

Саммит барысында Ресеймен ықтимал келіссөздерге дайындық мәселесі қарастырылғанымен, нақты шешім қабылданған жоқ. Оның орнына ЕО елдері қорғаныс өндірісін арттыруға және Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға басымдық берді.

ЕО саммитінің қорытынды құжаттары міндетті заңдық күшке ие болмаса да, Одақтың алдағы саяси және экономикалық шешімдерінің негізгі бағытын айқындайды.

Наверх