"Қатаң жаза мен өтемақы талап етеміз": Алматыдағы апат бойынша жаңа жәбірленушінің адвокаты

Адвокат Мейірман Шекеев олар не талап етіп отырғанын айтты.

Бүгiн 2026, 14:04
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 14:04
Бүгiн 2026, 14:04
283
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты істе тағы бір жәбірленуші пайда болды. Ол - жол апаты кезінде жан тапсырған үш адамның бірі Томиристің әкесі. Бүгін судья оны жәбірленуші деп тану туралы өтінішін қанағаттандырды. Ер адамның құқығын қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев олар не талап етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз азаматтық арыз-талап береміз. Басты мәселе онда емес. Әкесінің күйін көрдіңіздер. Қызын жоғалтқаннан кейін өз-өзіне келе алмай жүр. Қазіргі таңда біз күдіктіні бас бостандығынан айыратын қатаң жаза сұрап отырмыз. Өтемақы да талап етеміз. Қазіргі таңда оның сомасын анықтаған жоқпыз. Өтемақы төлеу - тек моральдық шығынды өтеу болып саналады. Өтемақы төленсе де жәбірленуші тарап жаза тағайындауды сұрай алады. Талап-арыз қойсақ та кешірім бермейміз, - дейді адвокат. 

Сонымен қатар, Шекеев бұған дейін бұл істен неге бас тартқанын түсіндірді. Бұған дейін Шекеев жол апатында қаза тапқан Құмардың анасының құқығын қорғайтын. Алайда кейін Құмардың анасы адвокаттың көмегінен бас тартты. Бүгін Құмардың анасы Мейірман Шекеевтің әрекетіне шағымданып, судьядан адвокатқа олардың отбасын әлеуметтік желіге салуға тыйым салуды сұраған болатын. 

Бастапқыда марқұм Құмардың анасы өзі менімен байланысқа шығып, көмек сұрады. Біз резонанс жасадық. Ол кезде бейнеге түсіруге ешкім қарсы шыққан жоқ. Ал бүгін өздерінің ісі жеткілікті дәрежеге жеткен соң, осылай істеп отыр, - дейді Шекеев. 

Еске салайық, бұған дейін жәбірленуші тарап күдікті Пакты неге кешіргенін тағы түсіндірген болатын

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх