«Алматы – Өскемен» тасжолының бір бөлігі орташа жөндеуден өтуде

Қазіргі уақытта 12 шақырым аумақта асфальт төселіп, жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:51
Бүгiн 2026, 08:51
175
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автожолының 259–287 шақырым аралығындағы, Талдықорған қаласының айналма жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында жол жамылғысы толық жаңартылып, жарықтандыру тіректері орнатылады және жаңа жол таңбалары сызылады. Қазіргі уақытта 12 шақырым аумақта асфальт төселіп, жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей учаскелерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылған. Мамандар жүргізушілерді жол ережесін сақтап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.

Наверх