Баянауылда қарақұрттың 24 жұмыртқасы жойылды

Торайғыр көлінің маңында қарақұрттарды жою жұмыстары жүргізілді.

 Баянауыл МҰТП баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 17:08
Бүгiн 2026, 17:08
194
Фото: Баянауыл МҰТП баспасөз қызметі

Ұлттық паркте улы өрмекшілердің көзін жою арқылы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Қарақұрт жұмыртқалары Торайғыр көлінің тасты аумағынан табылған.

Қазіргі уақытта Ұлттық парктің ғылым және мониторинг бөлімінің қызметкерлері мен Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары бірлесе жұмыс істеуде.

Қарақұрттармен күрес жұмыстары жүргізілді. 2026 жылғы 12 маусым күні ғылым және мониторинг бөлімі мен Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторларының қатысуымен Торайғыр көлінің тасты аумағында қарақұрттарды жою бойынша іс-шара өткізілді. Жүргізілген жұмыстар барысында 24 дана қарақұрттың жұмыртқасы арнайы ыдысқа жиналып, көздері жойылды. Ал аналық қарақұрттар анықталған жоқ. Аталған жұмыстар демалушылар мен парк аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді, - деп хабарлады Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда қарақұрт көбейіп, 18 адам дәрігер көмегіне жүгінген болатын

Тағы оқи отырыңыздар: 

Шымкентте қарақұрт шаққан сегіз адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Атырауда қарақұрт қаптады

Қарақұртпен күрес. 150 гектар жер залалсыздандырылды

Наверх