Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында атыс: 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Жасөспірім алаңда атыс шығарды.

Бүгiн 2026, 20:41
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 20:41
Бүгiн 2026, 20:41
107
Фото: видеодан скриншот

Нью-Йорк полициясы Таймс-сквер алаңында атыс шығарған 17 жасар жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме жасап.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға салдарынан үш адам жарақат алған.

Атыс шығарды деген күдікке ілінген 17 жастағы жасөспірім қамауға алынды, полицейлер қылмыс болған жерден атыс қаруын тәркіледі. Жасөспірімнің аты-жөні жасына байланысты жарияланбайды, әзірге оған ешқандай айып тағылған жоқ, - делінген New York Post хабарламасында.

Алдына ала белгілі болғандай, атыс екі адамның арасындағы жанжалдан кейін басталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх