Алматыда LRT құрылысы басталды

Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.

Бүгiн 2026, 16:33
АВТОР
 Фото: Алматы әкімдігінен Бүгiн 2026, 16:33
Бүгiн 2026, 16:33
231
Фото: Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда Момышұлы көшесінде LRT құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын іске асыру аясында құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты Момышұлы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады. Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді, сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді.

Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.

Еске салсақ, жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады.

Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.

Оқи отырыңыз: 

Алматыда BRT орнына LRT салына ма? Сарапшы күтпеген өзгерісті айтты

Алматыда LRT мен SkyTrain салынады: Жоба туралы не белгілі?

Наверх