Қостанай облысының Рудный қаласында «ERG Service» ЖШС Жөндеу-механикалық металл прокаты зауытының электрлі болат құю цехында жазатайым оқиға болып, болат балқыту пешіне шикіқұрам әзірлеуші маман қаза тапты.
Трагедияның болат қорыту пешінде жұмыс істеу кезінде болғаны хабарланды. Қайтыс болған азамат шихташы болып жұмыс істеген.
Оқиға туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарланды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Компания қаза тапқан жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Компания ұжымы мен басшылығы қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан жанның отбасына қажетті көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін СҚО-да егістікті өңдеген жұмысшы химиялық затқа уланып көз жұмды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қостанайдағы кәсіпорында жұмысшы әйел қолынан айырылды
Атырау облысында сақтандырусыз жұмыс істеген 520 медқызметкер анықталды
Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты