Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында полиция қызметкерлері бопсалау дерегі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 39 жастағы ер адам 2023 жылдан бері танысына күш қолданамын деп қорқытып, одан ақша талап етіп келген. Осы уақыт ішінде жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 2,5 миллион теңгені құраған.
Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіден оның Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткені, ал мәміле орындалмағаннан кейін 1 миллион теңге беруді мәжбүрлегені анықталды.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші ірі көлемдегі қаражат пен мүлкінен айырылған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.