Алматыда ер адам 11-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Қайғылы оқиға Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 13:51
Бүгiн 2026, 13:51
127
Фото: видеодан скриншот

Полиция департаментінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен секіріп кеткен. Оны күзетші тауып алып, жедел жәрдем шақырған, сондай-ақ өзі де алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 37 жастағы ер адам өз пәтерінің 11-қабатынан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді. Зардап шегуші шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Марқұмның жеке басы анықталды. Оның аталған тұрғын үй кешенінде тұрғаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)

Наверх