Все новости за 19 наурыз 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ауа райына байланысты шығыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бейжіңде "Қан мен тер" талқыланды
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі "KSAC"-тың (қазақстандық студенттердің Қытайдағы қауымдастығы) студенттерінен құралған "Оқырмандар клубымен" бірлесіп Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер ведомствосына сілтеме жасап.
-
Шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болғандар ұсталды
Жетісу облысындағы "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде ҚР-дан әкету кезінде еліміздің екі азаматынан декларацияланбаған ақшалай қаражат анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада вейп пен темекі өнімдерін спорт жабдықтарына ауыстыру акциясы өтіп жатыр
Елордада кәсіби жаттықтырушы, ММА жауынгері Василий Тахтай бастаған спортшылар «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде су тасқыны болды
Ақтөбедегі "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" республикалық тас жолының 232 - 233 шақырымында, яғни Шалқар қаласынан 20 км жерде еріген су тасыды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
-
ҚазАвтоЖол: Елдің барлық өңірінде жолдар ашылды
Еліміздің барлық өңірінде республикалық маңызы бар жолдарға қойылған шектеулер алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
-
Ақпан айында көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде ақпан айында 577,3 мың отбасыға 39 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды
Астанада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 19 наурыз күні қар күреуге 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Рамазанның алғашқы аптасында 5 мыңнан аса отбасыға көмек көрсетілді
Рамазан айының алғашқы аптасында және «Наурызнама» аясында республика бойынша Қайырымдылық күніне орай 5055 отбасына азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу полицейлері ағаш отырғызды
Жетісу облысының полицейлері Наурызнама онкүндігі аясында көшеттер отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Әскери институт курсанттары донорлық акцияға қатысты
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының (РЭБӘИИ) екі жүз курсанты өз еркімен қан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңару күнінде Жетісу облысында 2500-ге жуық ағаш отырғызылды
Бүгін Жаңару күніне орай Жетісу облысының барлық аймағында 2500-ге жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Ғарышкер Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбе облысында қанша борышкер алиментін төлемей жүр?
Ақтөбе облысында бауыр еті баласына төлейтін алименттен жалтарып жүрген ер-азаматтардың саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО-да оқушылар арасында облыстық турнир өтті
Өскеменде әскер жасына дейінгі жастар арасында су-құтқару көпсайысы бойынша VI облыстық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда еріктілердің жалпы саны 50 мыңнан асады
Мегаполистегі волонтерлік жыл сайын қарқын алуда және өзіндік даму ерекшелігі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Боксшыларымыз Бакудегі турнирде бақ сынайды
23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир өтеді. Бір аптаға созылатын бәсекеге қазақ боксшылары да қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жекеменшік зертханалар мыңдаған заңсыз зерттеу жүргізген
Павлодар қаласының прокурорлары ветеринариялық-санитариялық зертханалардың жұмысын тексеріп, өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Антикор наурыз көженің ерекше дайындалу үлгісін ұсынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда жол апаты жиілеп кетті
Облыста соңғы 2 айда 50-ге тарта жол көлік оқиғасы болған. 9 адам қаза тауып, 82 адам ауыр хәлде аурухана түскен. Былтыр да осындай көрсеткіш тіркелген еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті берілгенін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Наурызды дұрыс тойлап жүрміз бе - Өлкетанушымен сұхбат
Әз-Наурызды халқымыз кеңес кезінде қалай тойлаған? Ұлттық мереке неге науқанға айналып кетті? Наурыз мейрамы арқылы ұлттық құндылықтарымызды қалай нығайта аламыз? Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі өлкетанушы Ерлан Күзекбайбай сұхбаттасты.
-
Үрімшіде Қазақстанның сауда өкілдігі ашылады
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының хатшысы Ма Синжуймен және ШҰАА басшысы Эркин Туниязбен кездесуде Үрімші қаласында Қазақстан-Қытай сауда ынтымақтастығын нығайту және сауда өкілдігін ашу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтинскте қазақ мектептері аз
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында қазақ мектептерінің жетіспеушілігі байқалады. Өңірдегі 12 мектептің 8-і орыс мектебі. Қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны отыз пайызға да жетпейді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Аустралия елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанда қоса қызмет атқаратын Аустралияның Елшісі Джон Гирингтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
-
Қазақ-өзбек шекарасында су есептейтін қондырғылар орнатылады
Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарин: Ұлттық құрылтайда жалпыұлттық құндылықтардың нақты тізімі ұсынылды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атырауда өткен Ұлттық құрылтайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мереке қарсаңында үздіктер марапатталды
Астанада мереке қарсаңында ұлттық құндылықтарды дамытуға үлес қосқан жандар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект арқылы Парламенттер 50 адамға дейін қысқаруы мүмкін
Бұл туралы "Биліктің заң шығарушы тармағы: трансформация және жаңа бағдарлар" атты дөңгелек үстел аясында сарапшы Ерлан Ахмеди айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда әкімнің ұлы оқушы қызды ұрып, мұрнын сындырған
Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жықты. Салдарынан ұлдың ата-анасына айыппұл салынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақтың алғашқы Конституция жобасы Алаш заманында дайындалған
Бұл туралы Amanat партиясы Қоғамдық саясат институты саяси талдау бөлімінің бас сарапшысы Ерлан Ахмеди айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда үш жасар қызды іздестіруге тікұшақ тартылды
Алматы облысында екі күн бұрын жоғалған қаршадай қызды іздестіруге тікұшақ тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әр жетім балаға 70 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі
Шымкентте наурыз мерекесінің қарсаңында жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елордалық кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне қалай енеді?
Шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлер елорда халқының төрттен үш бөлігін құраса, қала экономикасының жартысынан көбін ШОБ құрайды. Бизнес экономиканың барлық салаларында, соның ішінде әлеуметтік салада өз үлесін қосуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қорғаныс министрі түркиялық делегациямен кездесті
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Билал Дурдалының басшылығымен келген шетелдік делегацияны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ мақал-мәтелдері Қытайда туристердің қызығушылығын тудырды
Қытайда қазақ мақал-мәтелдері шырақтарға, ағаш тақтайшаларға жазылып, туристердің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды BAQ.KZ Онлайн халық газетіне сілтеме жасап.
-
Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді
Барлық мәдениет мекемелері мен ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардың ағаш отырғызу қоғамдық акциясына қатысуы – күннің басты оқиғасы болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Жаңару күніне орай ағаш егу акциясы өтті
Алматының Әуезов ауданында Наурызнама аясында «Жаңа көшеттер – тың идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі» атты көктемгі ағаш егу акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Қырғызстан авиациялық іздестіру саласында ынтымақтасады
Сенатта Қазақстан мен Қырғызстанның авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әшімбаев: Кедергісіз, инклюзивті орта қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда қандай ауылдар қалаға айналады: тізім шықты
Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімі ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл балалары әлемнің үздік университеттерінде тегін оқи алады
IQanat ауыл балаларына әлем бойынша ең жақсы білім алуға бірегей мүмкіндік бермек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оңтүстік Кореядағы жұмыс. Қазақстандықтардың құқығы қалай қорғалады
ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Share Together кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 2 миллион адамға 636 мың көлік тіркелген
Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ұлттық қор - балаларға": 304 815 жасөспірім ақшасын жаратты
Қаржы министрі Мәди Такиев "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында 304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты жұмсап үлгергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшіс.
-
23 наурызда елімізде "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы өтеді
Ағымдағы жылдың 23 наурызында сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін елімізде "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сатылып кеткен автокөліктің салығын қалай төлеу керек
Мемлекеттік кірістер комитеті, салық төлеушілерден келіп түскен сұрақтарға байланысты келесіні мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орыстілді қазақ екенім маңдайымда жазылып тұр ма – Асқар Ілиясов
BAQ.KZ-те тұсаукесер! Qazaqşa qoldau жобасы көрерменге жол тартты.
-
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде қымыз өндірісі артты
Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін қарап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны қанша адам тапсырады?
Қаржы министрі Мәди Такиев келесі жылы жалпыға бірдей декларацияны қанша адам тапсыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балабақшаға кезек алудың бірыңғай базасы әзірленді
кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді
-
Жұмыссыз қалған 106 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 106,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаржы министрі Елтаңбаны өзгертуге қатысты - "Әлі талқылаймыз"
Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның елтаңбаны өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде балалар көркем әдебиетінің тізімі жасалды
Оқу-ағарту министрлігі балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру үшін білім беру ұйымдарында «Балалар кітапханасы» кешенді бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ата-аналар мен мұғалімдер қорықпауы керек". Мектепішілік есеп деген не
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды енгізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу ұсынылды
Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде Оқу-ағарту министрлігі кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында 3 жасар қызды іздеуге 300 адам шықты
17 наурызда жоғалып кеткен үш жасар қызды әлі күнге дейін Күш ауылында іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы крематорий құрылысы: Мердігер компания сотқа тартылды
Алматы қаласының әкімдігі әлі ашылмаған қалалық крематорийге инженерлік коммуникация жүргізуі тиіс мердігерді сотқа берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет басшысы неге ауыл халқы мекенінен безіп жатқанын түсіндірді
Кейбір ауылдардың тұрғындары басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр. Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі ауылдық елді мекендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін не істеліп жатыр? - министр жауап берді
Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биыл 500-ден астам ауылда 1,4 мың жоба іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ-қытай қатынасы: Елші екі елдің ынтымақтастығы жайлы айтты
Қытайдың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайдың "екі сессиясы" және қазақ-қытай қатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы 6256 ауылда 7,6 млн адам тұрады
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда инфляцияға қарсы шаралар кешені қайта қаралады
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің бағаның өсуін тежеу бойынша берген тапсырмасына сай вице-премьер Серік Жұманғарин инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен әкімдіктер өкілдерімен кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Primeminister.kz сілтеме жасап.
-
Еліміздің 18 ауылында 30 мыңнан астам халық тұрады
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қандай жағдайда елді мекен қала мәртебесін ала алатынына айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кеше құтқарушылар құдықтан алып шыққан қыз көз жұмды
Кеше құтқарушылар құдықтан шығарып алған қыз қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Наурыз мейрамы: Бұл қандай мереке?
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Жаманбалаева Наурыз мейрамының мән-мағынасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада фитнес-клуб өртенді
Астанада 19 наурыз күні таңертең танымал фитнес-клубтардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды
Ұлттық банк 19 наурыздағы арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу ауылдарын су басуы мүмкін
Жетісуда су басу қаупі бар 31 елді мекен тіркелген.
-
Маңғыстаудағы магистральдық газ құбырында жарылыс болды
Маңғыстау облысындағы Бейнеу кентінде магистральдық газ құбырында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
960 гектар жер Ұлттық банктің пайдасына шешілді
Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банктің пайдасына шешіп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шағын қала, кент мұғалімдерінің жалақысына ауылдық коэффициент қосыла ма
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бірқатар мәжіліс депутатының шағын қалалар мен кенттердегі мектеп мұғалімдерінің жалақысына ауылдық коэффициенті енгізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
19 наурыз – Жаңару күні
Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еңбекқор, саналы азаматты қалай тәрбиелейміз
“Адал адам – адал еңбек – адал табыс” – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті. Мұндай пікірді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие және қосымша білім департаментінің директоры, ф.ғ.к. Меруерт Медетбекова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ресейде Амур облысындағы шахтада 13 адам үйінді астында қалды
Амур облысында бір күн бұрын тау жынысы опырылған Покровский шахтасында қирандылар инженерлік техникамен тазартылып жатыр, бірақ әлі шахтада 13 адам бар, , деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде жолды су шайып кетті
Бүгін республикалық Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолының 232 шақырымында Ұлпан ауылының тұсында автомобиль жолын еріген қар суының жолды шайып кетті. Бұған дейін аталған аумаққа 300 қап құм төселген. Алайда, еріген қар суының деңгейінің өсуі салдарынан жолды су шаю жағдайы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Арменияға жұмыс сапарымен барды
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚУ суденттері есу слаломынан Азия чемпионы атанды
Паттайя қаласында (Таиланд) жастар мен жасөспірімдер арасында слаломнан он үшінші Азия чемпионаты өтті. Бұл турнирде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Виктория Маисеева мен Влада Тараданова командалық жарыстарда алтын медаль жеңіп алды. Қыздар әр түрлі командаларда өнер көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Олар әйелдер байдаркасында 23 жасқа дейінгі жас санатында басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК сейсенбі, 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында және түнде Қарағандыда атмосфералық ауаның ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан-Қытай шекарасы автокөлік үшін үш күнге жабылады
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстан-Қытай шекарасы автокөлік үшін үш күнге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Түркістан облысында алаяқ әйел ұсталды
Түркістан полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Таразда көгалдандыру жұмыстары қарқын алды
Таразда 2024 жылғы наурыз-мамыр айларында кестеге сәйкес, қала аумағында 4 100 дана жабық тамырлы 1-ші санаттағы әртүрлі ағаштар түрін отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жезқазған қаласында саяжай үйінде өрт шықты
Бүгін Ұлытау облысында Жезқазған қаласында саяжай үйінің ағаш конструкциялары мен жеке тұрған шаруашылық ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңбыр, қар, көктайғақ: синоптиктер 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 наурызда елдің тоғыз өңірде жауын-шашын жауып, көктайғақ болатынын және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысындағы тас жолда су басу қаупі жойылды
Бүгін сағат 18:00-де Шалқар ауданында республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 232 шақырымында (Шалқар қаласынан 20 шақырым) еріген су тасу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Наверх