Қазақстандағы 6256 ауылда 7,6 млн адам тұрады

19 Наурыз 2024, 10:52
349
Бөлісу:
Қазақстандағы 6256 ауылда 7,6 млн адам тұрады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда республикамызда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады, жалпы еліміздегі халық санының - 38,4 пайызы. Бұл ретте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі - 7,2 пайыз, ал жұмыссыздық деңгейі - 4,7 пайыз. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі – 33 пайыз немесе 1,2 млн адам, - деді Нұрлан Байбазаров.

Министрдің мәлімдеуінше, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  заңның талаптарына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, соңғы 10 жылда ауылдық елді мекендер саны 6 838-ден 6 256 дейін қысқарады.

Негізі ауыл санының қысқаруы, халық саны 50 адамнан кем ауылдар жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіледі. Министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді. Мәселен, 2023 жылы қамтамасыз ету деңгейі 64,3 пайызға жетті, ол 2022 жылмен салыстырғанда 2,1 тармаққа өсті.  Бұл ретте, объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілудің ең жоғары деңгейі Маңғыстау – 72,4 пайыз, Атырау – 70 пайыз және Ақтөбе облыстарында – 69,6 пайыз байқалады. Қамтамасыз етілу деңгейі төмен келесі облыстар: ШҚО – 58 пайыз, Ұлытау – 57 пайыз және Абай – 55,4 пайыз, - деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі. 

Сонымен қатар Байбазаров Өңірлік стандарттар көрсеткіштерін талдау нәтижелеріне сәйкес, қамтамасыз етудің жоғары және орташа деңгейі бар ауылдар саны артқанын айтады.

Осылайша, қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдар саны 1 296 бірлікке жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 169 бірлікке артты. Сонымен қатар, көрсеткіштері төмен ауылдардың үлесі 1 676-дан 1 399 ауылға дейін азайды, - деді Байбазаров.

Өзгелердің жаңалығы