Қазақтың алғашқы Конституция жобасы Алаш заманында дайындалған

19 Наурыз 2024, 16:34
480
Бөлісу:
Қазақтың алғашқы Конституция жобасы Алаш заманында дайындалған
Фото: автордан

Бұл туралы Amanat партиясы Қоғамдық саясат институты саяси талдау бөлімінің бас сарапшысы Ерлан Ахмеди айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы Қазақстанның парламентаризмінің тарихын көбінесе тоқсаныншы жылдардан бастайды немесе совет заманынан тарқатады. Бірақ тарихты терең қазбалайтын болсақ, XX ғасырдың басында Әлихан Бөкейханның тапсырмасымен белгілі заңгер Барлыбек Сыртанов Қазақ елінің жарғысы деген үлкен құжат дайындайды, – деді ол.

Сарапшының айтуынша, ол құжат қазіргі заманауи конституцияларға ұқсас болған.

Оны қазақ тарихындағы тұңғыш Конституцияның жобасы деуге болады. Бұл жобада тұңғыш рет Парламент құрылу керектігі айтылды. Жаңа европалық үлгідегі Ұлттық мәжіліс атауы ұсынылған болатын. Менің ойымша, заманауи парламентаризм тарихының теориясы ХХ ғасырдың басында пайда болды деп айтуға болады, – деді сарапшы.

Ерлан Ахмеди кеңес заманында формалды парламент болғанын айтады.

1937 жылдан бастап әрбір республикаларда жоғары кеңестер құрылған болатын. Бірақ шынымен де нағыз кәсіби парламент 90-жылдары пайда болды, – деді ол.

Сарапшы мұны ҚР Президенттік орталығында биліктің заң шығарушы тармағының трансформациясы және жаңа бағдарларға арналған дөңгелек үстелдің аясында айтты.

Өзгелердің жаңалығы