Үкімет басшысы неге ауыл халқы мекенінен безіп жатқанын түсіндірді

19 Наурыз 2024, 11:10
583
Бөлісу:
Үкімет басшысы неге ауыл халқы мекенінен безіп жатқанын түсіндірді
Фото: primeminister.kz

Кейбір ауылдардың тұрғындары басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр. Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі ауылдық елді мекендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған ауыл мектептері аз емес. Денсаулық сақтау ғимараттары тапшы. Кейбір ауылдардың тұрғындары басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр. Сондай-ақ ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі.Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер министр ауылдық жерде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әсіресе шекара маңындағы аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту керегін айтады.

Осы міндеттерді кезең-кезеңмен шешу үшін салықтардың және бюджетке түсетін төлемдердің кейбір түрлерін ауылдық округтердің бюджетіне беруді жалғастыру қажет. Сондай-ақ жеке бастамаларға белсенді қолдау көрсету керек. Әрбір бизнес субъектісі экономикалық жауапкершілікпен қатар, халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін де терең сезінуге тиіс. Жеке басының ғана емес, туған ауылының да қамын ойлайтын кәсіпкер маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда мемлекетке жәрдем көрсете алады, - дейді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы