Боксшыларымыз Бакудегі турнирде бақ сынайды

19 Наурыз 2024, 18:52
395
Бөлісу:
Боксшыларымыз Бакудегі турнирде бақ сынайды
Фото: pixabay.com

23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир өтеді. Бір аптаға созылатын бәсекеге қазақ боксшылары да қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:

48 келі: Теміртас Жүсіпов

51 келі: Дамир Әбдіқадыр

54 келі: Тимур Қабешов

60 елі: Талғат Сырымбетов

63,5 келі: Серік Теміржанов

67 келі: Бақтияр Смағұлов

71 келі: Дархан Дүйсебай

75 келі: Тимур Нұрсейітов

86 келі: Бекзат Таңатар

92 келі: Сағындық Тоғамбай

92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Өзгелердің жаңалығы