Жасанды интеллект арқылы Парламенттер 50 адамға дейін қысқаруы мүмкін

19 Наурыз 2024, 16:56
405
Бөлісу:
Жасанды интеллект арқылы Парламенттер 50 адамға дейін қысқаруы мүмкін
Фото: pixabay.com/ru

Бұл туралы "Биліктің заң шығарушы тармағы: трансформация және жаңа бағдарлар" атты дөңгелек үстел аясында сарапшы Ерлан Ахмеди айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қоғамда жасанды интеллект тақырыбы қатты талқыланбайтынын атады. Chat GPT 2022 жылдың қарашасында пайда болғанын еске салды.

Менің ойымша, 4-5 бес жылдың ішінде, 2029 жылы ма, бұл технологиялар өте қатты дамып кетеді. Жалпы тек қана қоғамға, ғылымға, экономикаға ғана әсер етпей, саясатқа да әсер етеді. Мысалы, заң жобасын дайындау. Қазір бірнеше депутаттық топтар құрылады. Комитет те талқылайды. Қанша уақыт, азаматтардың денсаулықтары да кетеді. Жасанды интеллект осы заң жобасын қысқа уақытта сапалы және керекті түрде дайындап бере алады, – деді ол.

Ерлан Ахмедидің айтуынша, Chat GPT адамзат баласына дамудың жаңа кезеңін алып келді.

Яғни мүмкін болашақта бізде ғана емес, бүкіл әлемде шағын бір парламенттер құрылады. Бір 50 адам ба, білмеймін. Ал негізгі жұмысты мысалға жасанды интеллект арқылы жүргізеді, заң жобаларын дайындайды. Ал шешен саясаткерлер оны халыққа жеткізеді. Осындай болуы мүмкін , – деді сарапшы.

Ол сондай-ақ саяси партиялардың да жұмыстары өзгеруі мүмкін екенін жеткізді.

Қазіргідей үлкен аппараттар болмауы да мүмкін. Әрбір партияның өзінің толыққанды ақпарат жиналған Big Data-сы болады. Орталық аппараттарында 5-10 адам отырып, осындай жұмысты атқарады. Осыны да ескеруіміз керек деп ойлаймын, – деді Ерлан Ахмеди.

Іс-шараны ҚР Президенті Іс басқармасының президенттік орталығы ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы