Еліміздің 18 ауылында 30 мыңнан астам халық тұрады

19 Наурыз 2024, 10:34
358
Бөлісу:
Еліміздің 18 ауылында 30 мыңнан астам халық тұрады
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қандай жағдайда елді мекен қала мәртебесін ала алатынына айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нұрлан Серікұлы, соңғы жылдары тұрғындары 50 адамға жетпейтін ауылдар таратылды. Адамдар енді ірі елді мекендерге көшіп жатыр. Яғни бұл жерде халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарауымыз қажет. Осындай ауылдардың саны қанша және бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?, - деп сұрақ қойды Үкімет отырысында Премьер-министр Нұрлан Байбазаровқа.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдардың саны 112-ге жетіп отыр.

Елімізде 18 елді мекенде 30 мыңнан астам халық тұрады. Бұл ауылдардың мәртебесін өзгерту үшін заңда арнайы тетіктер бар. Мәселен, егер халық саны жыл сайын 3 жылда 10 мыңнан асып отыратын болса, онда мәслихаттар облыстық деңгейге шығып, ауылды қалаға айналдыра алады. Бұл заң 2021 жылдан бастап қолданысқа енген болатын. Бүгінгі таңда облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініштерін қарастыруда, бірақ әлі нақты шешімдер қабылданған жоқ, - деді Нұрлан Байбазаров.

Олжас Бектенов "ол міндет емес, тұрғындардың құқығы, солай ма?" деп сұрағын нақтылады.

Иә, ауыл халқы 10 мыңнан асса, облыс әкімдіктері тиісті шешім қабылдайды, - деп жауап берді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы