Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу ұсынылды

19 Наурыз 2024, 11:32
325
Бөлісу:
Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу ұсынылды
Фото: ОКҚ

Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде Оқу-ағарту министрлігі кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, мемлекеттің басым міндеті - баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге және балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беру. 

Кәсіби қабылдаушы отбасы жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қараусыз қалған балаларды, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды анықтағаннан кейін бірден жетім балаларға арналған ұйымдарды айналып өтетін Қазақстан азаматтарының отбасыларына уақытша орналастыру нысанына айналады. Заң жобасы ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге сөзсіз басым құқығын, баланың туыстарының балаларды олардың отбасына орналастыру құқығын көздейді. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген және туыстары болмаған ерекше жағдайларда балалар кәсіби асырап алушы отбасыларға жіберіледі. Балалардың құқықтарын қорғаудың мұндай үлгісі бүгінгі таңда да бар, - деп атап өтті Еділ Оспан.

Жетім балаларға арналған білім беру ұйымдары немесе отбасына орналасуға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдар балалардың дамуына, оқуына, әлеуметтенуіне қатысты туындайтын проблемаларды шешуде жеке психологиялық, құқықтық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Бүгінгі таңда министрлік отбасымен әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару, телефон диалогын жасау, сауалнама жүргізу тәртібін қамтитын кәсіби отбасыларға қолдау көрсету стандартын әзірлеуде. Кәсiби отбасыларға жалпы бақылауды қорғаншы органдар жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы