Жетісу полицейлері ағаш отырғызды

19 Наурыз 2024, 20:41
347
Бөлісу:
Жетісу полицейлері ағаш отырғызды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының полицейлері Наурызнама онкүндігі аясында көшеттер отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі» атты тақырыппен Жетісу полицейлері аумақты көгалдандыру бойынша іс-шаралар өткізді. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа деген құрмет рухында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жаңа идеяларды дамыту. 

Облыстық департамент басшылары, ардагерлер және жас қызметкерлер қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды. Ағаштардың дәл осы түрлері кездейсоқ таңдалмады. Олар жыл мезгілінің өзгеруіне және барлық тіршілік иелерінің жаңаруына қарамастан, тұрақтылықтың, күш пен даналықтың бейнесі болып табылады. Яғни әр тәртіп сақшысына тән қасиеттер. 

Жаңа көшеттер сияқты біз де өмірлік құндылықтарымызды сақтай отырып, мақсаттарымыздың негізі болатын жаңа дәстүрлер мен идеяларды қалаймыз. Табиғатқа ұқыпты қарау, көшет отырғызу – жас ұрпақ үшін тәрбиеге толы үлкен іс-шара. Бұл игі істің болашақ ұрпақ үшін маңызы зор, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров.

Өзгелердің жаңалығы