Аустралия елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

19 Наурыз 2024, 17:31
264
Бөлісу:
Аустралия елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанда қоса қызмет атқаратын Аустралияның Елшісі Джон Гирингтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.

Ә.Бақаев елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында өзара қызығушылық тудыратын Қазақстан мен Аустралия арасындағы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Аустралия арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы