Сатылып кеткен автокөліктің салығын қалай төлеу керек

19 Наурыз 2024, 13:09
427
Бөлісу:
Сатылып кеткен автокөліктің салығын қалай төлеу керек
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекеттік кірістер комитеті, салық төлеушілерден келіп түскен сұрақтарға байланысты келесіні мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жыл үшін көлік салығының сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылған. Салық төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.

Салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептеуді Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің деректерінің негізінде жүргізеді.

Жоғарыда көрсетілген кезеңдерге есептелген көлік салығының сомалары туралы мәліметтерді салық төлеушілерге алдын ала хабарлау мақсатында олардың ыңғайлылығы үшін төлеу мерзімі аяқталғанға дейін орналастырылған.

Бұл ретте:

- 2023 жылға салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылғанын;

- есептелген салық сомасының көлікті иеленудің нақты кезеңі үшін есептелгенін хабарлаймыз.

Мәселен, 2023 жыл ішінде көлік құралын сатып алған/сатқан жағдайда жылдық салықтың есептелген сомасы 12-ге бөлінеді және меншік құқығында нақты болған айлар санына көбейтіледі. Бұл ретте, сатып алушы тарап көлік құралы сатып алынған айдан бастап төлейді.

Егер сізге 2023 жылдың басына дейін сатылған көлік құралы бойынша салық сомасы ұсынылған жағдайда, мұндай көлік құралының уәкілетті органда есептен шығарылғанына көз жеткізу қажет.

Салықты белгіленген мерзімде төлеу өсімпұлды есептеуден және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы