2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны қанша адам тапсырады?

19 Наурыз 2024, 12:47
1981
Бөлісу:
2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны қанша адам тапсырады?
Фото: BAQ.KZ -архив

Қаржы министрі Мәди Такиев келесі жылы жалпыға бірдей декларацияны қанша адам тапсыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге "2025 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсыруға міндетті. Бүгін қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр? " деген сұрақ қойды.

Біз жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңін өткізуге дайынбыз. Жалпыға бірдей декларацияланы шамамен 13 млн адам тапсырады. Біз декларацияны өткізуге дайынбыз. Сондай-ақ аудандарда Мемлекеттік кірістер басқармасының 222 консультациялық орталығы жұмыс істейді және 1414 нөмірі бойынша консультация алуға болады, – деді Такиев. 

Қаржы министрі екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізілетінін айтады.

Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін декларацияны қабылдау бойынша сервис іске қосылды. Сондай-ақ интернет жоқ жерде декларацияны қабылдау үшін “Қазпошта” АҚ-мен жұмысты пысықтаймыз, - деді Қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы