Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

19 Наурыз 2024, 19:57
3429
Бөлісу:
Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Ғарышкер Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.

Өзгелердің жаңалығы