Павлодарда әкімнің ұлы оқушы қызды ұрып, мұрнын сындырған

19 Наурыз 2024, 16:39
1238
Бөлісу:
Павлодарда әкімнің ұлы оқушы қызды ұрып, мұрнын сындырған
Фото: Арман Мухатов - архив

Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жықты. Салдарынан ұлдың ата-анасына айыппұл салынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Informburo мәліметінше, оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-да өткен брифингте болған жайтты растады.

Интернетте және әлеуметтік желілерде пайда болатын әр жағдай бойынша тексеріс жүргіземіз. Сонымен қатар міндетті түрде тиісті мемлекеттік органдарға хабарлаймыз. Жақында осындай жағдайда әрекет етудің жаңа әдістемесін қабылдадық: анықтау - әрекет ету - көмек көрсету. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті шаралар қолданылады. Ал туыстық жағына келер болсақ. Ол расталды, - деді Еділ Оспан.

Осы жағдайға қатысты Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина да түсініктеме берді. Оның сөзінше, аталған дерек қаңтар айында тіркелген.

Қазір аталған іс ювеналды сотта қарастырылып жатыр. Яғни, баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша сот отырысы өтті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы