Алматыда үш жасар қызды іздестіруге тікұшақ тартылды

19 Наурыз 2024, 16:22
4157
Бөлісу:
Алматыда үш жасар қызды іздестіруге тікұшақ тартылды
VIDEO
Фото: pixabay.com/ru

Алматы облысында екі күн бұрын жоғалған қаршадай қызды іздестіруге тікұшақ тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 жылғы қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол сағат 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. 

Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер үстінен іздестіру жұмыстарын жүргізді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынын сүңгіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық қызметті пайдалана отырып, жер үсті іздестірулері жүргізілуде. Барлық жер тексерілуде. Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып жұмыс істеуде. Іздеу жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы